Аттестаттау бойынша түсіндірме жұмыс

11 наурыз күні №25 «Таңшолпан» балабақшасында барлық педагогтеріне арналған «Шебер ұстаз –табысты оқушы» атты аттестаттау рәсімін өткізу бойынша түсіндірме жұмысына арналған кеңес өткізілді. Кеңеске 27 педагог қатысты. Педагогтерді аттестаттау өзін –өзі тәрбиелеу мен қызмет бабында өсуді  ынталандыруда кәсіби дамуы мақсатында жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясы жылына бір рет шешім қабылдайтыны туралы, педагог жетістігінің тізіміне білім алушылардың білім сапасының динамикасы –педагог үшін қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіші, шығармашылық және спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілгені туралы айтылды. Ұжым өтпелі кезеңдегі аттестаттау шарттары мен тәртіптерімен таныстырылды. «Ұстаз» платформа жұмысының күш пен уақыт үнемділігін, өзін –өзі дамытуға ынталандыратынын, деректердің автоматты түрде жиналуын қамтамасыз ететіні айтылды.