Алматы, Қазақстан – Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны...
Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы
Алматы, Қазақстан–«БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудіңжаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды. Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді. БЖЗҚ пайдаланатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметінің...
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі
Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңынегізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті.Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың...
5 сауал
1. Зейнетақы активтерін кім басқарады? «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен...
БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді
БЖЗҚ-ның дәстүрлі айдарында біз БЖЗҚ қызметіне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап береміз. 1. Қандай жағдайларда салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын хабарлау жүзеге асырылмайды? БЖЗҚ салымшысына (алушысына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын хабарлау: 1) БЖЗҚ салымшысы...
Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз.
Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз. 1. БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме алдым. Сөйтсем, жұмыс беруші менің пайдама жарналар төлемепті. Не істеу керек? Ең алдымен Сіз салық комитетіне өтініш жасауыңыз керек. Ол жұмыс берушіні тексеруді қолға алады. Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда,...
БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді
2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай? Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан...
БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді
1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын? 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып...
Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ақпараттарды ұсынамыз.
1. Зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені салымшылар мен алушыларға жылына бір рет конвертпен жіберудің не қажеті бар? Мүмкін жаппай электрондық хабарлау тәсіліне ауысатын уақыт келген шығар? Цифрландыру үдерісі қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтитыны сөзсіз. БЖЗҚ бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі. 2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016...
Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ақпараттарды ұсынамыз.
1. Саламатсыз ба! Зейнетақы жинақтарымның жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады? Жауап: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге...
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ
(МКЗЖ, Мобильдік кеңсе) БЖЗҚ enpf.kz сайты мен әлеуемттік желілердегі Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кірушілері жиі қоятын сұрақтарға жауап береді. 1. Мен әлі жаспын, ешқандай зейнетақы аударымдарым да жоқ. Болашақ зейнетақымның жақсы болуы үшін қазір не істеуім керек? 2018 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері...
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер…
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5 сұраққа жауаптар әзірледі. 1) Мен зейнетақы шотын ашуым керек. Оны БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ ашуға бола ма? 2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы міндетті зейнетақы...
Жинақтарымыздың сақталуы және табысы
Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар. 1. Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма? «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы...
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз.
1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады? БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін...