БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді

БЖЗҚ-ның дәстүрлі айдарында біз БЖЗҚ қызметіне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап береміз.

1. Қандай жағдайларда салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын хабарлау жүзеге асырылмайды?
БЖЗҚ салымшысына (алушысына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын хабарлау: 1) БЖЗҚ салымшысы (алушысы) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарламаған, соның нәтижесінде «адресат көрсетілген мекен-жайда тұрмайды» деген белгі басылған өткен жылғы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың үзінді көшірмесі БЖЗҚ-ға қайтарылған; 2) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайларда жүзеге асырылмайды.

2.еnpf.kz сайтында зейнетақы калькуляторын көрдім. Бұл не?
Зейнетақы калькуляторы – бұл еңбек қызметінің басынан бастап әзірлеуге, жеке зейнетақы жоспарларын құруға арналған көмекші құрал. Оның көмегімен салымшының болашақтағы зейнетақысының болжамды мөлшерін көруге болады.
Бүгінгі күннің зейнеткер алушылары ағымдағы зейнетақы калькуляторының көмегімен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерін есептей алады.
Болжамды зейнетақы калькуляторын зейнет жасына толмаған салымшылар пайдалана алады. Бұл калькулятор ортақ, базалық, жинақтаушы және ерікті зейнетақыны болжаммен есептеуге арналған. Есеп инфляцияның өсуіне, инвестициялық кірістілікке, жалақының өсуіне қарай болжамдарға негізделген. Есеп нәтижесі түрлі болжамды деректермен ерекшеленетін оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын сценарий бойынша беріледі. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шыққанда болатын төлемдер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша, Қор салымшылары қажетті деректерді енгізе отырып, зейнетке шыққан кездегі зейнетақы төлемдерінің жиынтық сомасын есептей алады және дәл қазірден бастап жеке зейнетақы шотына аударымдардың қаншалықты жеткілікті түрде жасалып жатқанын да ойлауға болады. жинақтардың басқа құралдарын, қолдана отырып, алдағы зейнетақы жасына жеткенге дейінгі жиынтық зейнетақыны көбейтуге болады – мысалы ерікті зейнетақы жарналары. Тіпті тұрақты негізде жасалатын ең төменгі ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарын едәуір көбейтуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, өз пайдасына енгізілетін ерікті жарналарының сомасы оны салымшы БЖЗҚ-ға өз бетінше аударған кезде салық салудан босатылады.
Зейнетақы калькуляторы арқылы есеп жасай отырып, болашақ зейнетақы мөлшерінің зейнетақы жарналарының жүйелілігі мен толықтығына байланысты болатынына көз жеткізуге болады. Зейнетақы калькуляторымен (ағымдағы/болжамды) жұмыс қағидаларымен enpf.kz сайтында орналастырылған «Жадынамадан» таныса аласыз.

3. Өткен жылы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер негізінде 2018 жылдан бастап болашақ зейнетақымыз қандай құрамдауыштардан қалыптасады?
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 күнтізбелік ай еңбек өтілі бар адамдар жинақтаушы және шартты жинақтаушы жүйелерден (бұдан әрі – ШЖЖ) төленетін төлемдермен қатар бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы алатын болады.
Осылайша, зейнетақы:
1) бюджет қаражаты есебінен:
— 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты күнтізбелік ай еңбек өтілі болғанда еңбек зейнетақысы;
— мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына тәуелді болатын базовой зейнетақы;
2) жинақтаушы зейнетақы есебінен:
— қызметкердің ай сайынғы табысынан 10% міндетті зейнетақы жарналары (бұл 1998 жылдан бері ай сайын жалақыдан 10% аударыла отырып жиналған сома);
— қызметкердің ай сайынғы табысынан 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды (аса зиянды) жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына аударатын ақша)
— 2020 жылдан бастап енгізілетін жұмыс берушінің барлық қызметкерлер үшін (олардың еңбек жағдайларына қарамастан) олардың шартты зейнетақы шоттарына жұмыс беруші төлейтін жаңа 5% міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасады. Осы шоттардан төленетін төлемдер ЖМЗЖ жиынтығында ең кемі 60 күнтізбелік күн аударылған жағдайда, 2025 жылдан кейін жүргізілетін болады.

4. Үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналарын жасауға бола ма?
Ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасаған жағдайда үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналары аударылады. ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау үшін салымшы мен алушы БЖЗҚ дербес қызмет көрсету орталығына келіп, өтініш жасайды. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын әкеледі.

5. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат кімге және қандай жағдайларда хабарланады?
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы мәліметтер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңмен қорғалатын құпияны құрайды (57-бап).
Ақпарат зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген салымшының (алушының) жазбаша келісім негізінде үшінші тұлғаға ашылады.
Зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын-ала тергеу органдарына – олардың жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
2) соттарға – сот ұйғарымының негізінде олардың жүргізуіндегі істер бойынша;
3) сот орындаушыларына – сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;
4) мемлекеттік табыс органдарына – міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жатқызуға) байланысты мәселелер бойынша;
5) уәкілетті органға – салымшының (алушының) өтінішне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметіне тексеру жүргізуіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
6) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
8) салымшының (алушының) өкілдеріне — нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешімінің негiзiнде;
9) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына — мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын қалыптастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты алуы кезіндегі инфляция деңгейін есепке ала отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу, сондай-ақ салымшының (алушының) не нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі бойынша оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн;
10) орталық атқарушы органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға беріледі.
Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, жазбаша сұрау салу бойынша өсиетте аталған адамдарға, соттардың жүргізуіндегі мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.
Жеке зейнетақы шотының болуы және онда ақшаның болуы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша беріледi.

6.Декреттік демалыс кезінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) ненің есебінен құралады?
Бала бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша табысты жоғалту кезеңіндегі әлеуметтік төлемдер Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуға тиіс. Бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемді есептеу үшін әйелдердің соңғы 24 ай ішіндегі орташа айлық табысы қабылданады. Бұл орайда, әлеуметтік төлемнің ең көп мөлшері ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінің 40%-нан аспауға тиіс. МЗЖ өз кезегінде бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің 10% аудару арқылы құрылады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы