БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

(МКЗЖ, Мобильдік кеңсе)
БЖЗҚ enpf.kz сайты мен әлеуемттік желілердегі Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кірушілері жиі қоятын сұрақтарға жауап береді.
1. Мен әлі жаспын, ешқандай зейнетақы аударымдарым да жоқ. Болашақ зейнетақымның жақсы болуы үшін қазір не істеуім керек?

2018 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға байланысты болады.
Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса не мүлдем болмаса, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) шамасының 50%-на тең болады, оның мөлшері он жылдан артық зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғаяды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТК шамасының 100%-нан аспайды.
Бүгінгі таңдағы зейнетақының жинақтаушы бөлігі:
— 10% қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары (бұл біз 1998 жылдан
бастап ай сайын өз жалақымыздан 10% аудара отырып, жинап келе жатқан сома);
— 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл еңбек жағдайлары зиянды (аса
зиянды) қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан төлейтін агент (жұмыс беруші) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап аударатын — қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшеріндегі сома) ;
— ерікті зейнетақы жарналары.
Бұған қоса, 2020 жылдан бастап, қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне
өзгерістер, яғни шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетін болады. Оны жұмыс беруші зейнетақы жарналарын аудару үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшерінде барлық қызметкерлеріне олардың еңбек жағдайларына қарамастан аудару үшін өз қаражаты есебінен төлейді.
Сіз әлі жассыз, бірақ қазірден бастап зейнет жасындағы тұрмысыңызды ойлағаныңыз абзал. Сіздің зейнетақыңыздың негізгі бөлігін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері, яғни зейнетақы жинақтары құрайды.
Болашақта зейнетақыңыз жеткілікті болсын десеңіз, міндетті зейнетақы жарналарының БЖЗҚ-ға тұрақты түрде әрі толық көлемде түсіп тұрғанын қадағалап отыру аса маңызды. Басқа жинақтаушы құралдар туралы да ойлаған артық болмайды, мысал ретінде ерікті зейнетақы жарналарын алуға болады. Ерікті жарналарды кез-келген қазақстандық төлей алады, ол ерікті зейнетақы шотын ашып, сол арқылы өз зейнетақы жинақтарын көбейтеді. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Сонымен, егер Сіз зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (шарттарды) жасамаған болсаңыз, БЖЗҚ кеңселерінің біріне жеке куәлігіңізбен келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті (өтініштерді) ресімдегеніңіз жөн.

2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары дегеніміз не?
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін аударатын жарналар.
Бұл кәсіптердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысымен белгіленген. Жарналар мөлшері міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 %-ын құрайды.
2016 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ-да жинақтардың жалпы сомасы 76,2 млрд. теңгеге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 398 472 зейнетақы шоты ашылған.
3. БЖЗҚ мобильдік кеңсесі дегеніміз не?
БЖЗҚ-ның барлық салымшылары мен алушыларының БЖЗҚ көрсететін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мерзімсіз болып белгіленген І, ІІ топтағы мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға барып қызмет көрсететін жаңа «Мобильдік кеңсе» жобасы 2015 жылы қолданысқа енгізілді. Қордың бастамасымен құрылған осы Жоба салымшыларға жаңа мүмкіндіктер беріп отыр.
Жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, мүгедектерге ақпараттық-кеңестік көмек беру, салымшыларға зейнетақы қызметі бойынша Қор кеңсесінен тыс жерлерде тиімді қызмет көрсету. «Мобильдік кеңсе» жобасын іске асыру үшін салымшыларға барып қызмет көрсететін мамандар командасы құрылды. Команданың құрамында БЖЗҚ-ның әр филиалынан бір-екі өкіл бар.
БЖЗҚ-ға мүмкіндігі шектеулі салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер БЖЗҚ мен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» (ЗТМО) арасындағы ақпарат алмасу туралы шарт аясында ЗТМО дирекциясының «Азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ филиалының деректері негізінде беріледі. Сондай-ақ ЗТМО деректерінің негізінде 2015 жылғы шілдедегі жағдай бойынша төлем алуға құқылы, бірақ Қорға өтініш жасамаған халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі Қордың ИААЖ базасынан алынды.
Таяу арада мамандардың барып қызмет көрсетуі арқылы мүмкіндігі шектеулі салымшылардан (алушылардан), ал Қордың 88000801177 Байланыс орталығы мен сыртқы enpf.kz сайты арқылы түзімдік және ерекше күзет объектілеріндегі тұлғалардан өтініштер қабылдау қызметін іске асыру жоспарланды.

4. Менің қызым күйеуге шыққан соң, тегін ауыстырды. Бұл туралы БЖЗҚ-ға хабарлау керек пе?
БЖЗҚ салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты, туған күнінің өзгеру деректері туралы ақпаратты ЗТМО-дан автоматты түрде алады. Салымшыда қордың ақпарат беру жөніндегі міндеттемелеріне әсер ететін қандай да бір басқа өзгерістер (мекенжайы, электрондық мекенжайы және т.б.) болған жағдайда, салымшы бұл туралы БЖЗҚ-ға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті.
Сондықтан, Қор барлық салымшыларынан БЖЗҚ-дағы деректерін тексеруді сұрайды және оларға өз жинақтары туралы ақпарат алудың барынша ыңғайлы, заманға сай, үнемді әрі жылдам тәсілін таңдап алуға кеңес береді. Себебі бұл тәсілге олардың мекенжайының, орналасқан жерінің өзгергені әсер етпейді.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы